Гази Университеті "Әлемдік университеттер тізімінде" 27-ші орында

Гази университеті «білім беру және оқыту» саласында 27-ші орынға көтерілді.

1964779
Гази Университеті "Әлемдік университеттер тізімінде"  27-ші орында

Лондонда орналасқан «Quacquarelli Symonds» (QS) жоғары білім рейтингтік агенттігінің «Әлемдік университеттер тізімінде» Анкарадағы Гази университеті «білім беру және оқыту» саласында 27-ші орынды иеленді.

Гази университеті Білім беру факультетіне бағытталған жұмыстар жүргізілген «білім беру және оқыту» саласында 2022 жылы 1 427 университет арасында 78,3 баллмен 21-ші орынды алса, 2023 жылы өз балын одан да арттырып 81 ұпаймен 1 584 ЖОО арасында 27-орынға шықты.

Гази Университеті ректоры профессор Мұса Йылдыз университеттің мүмкіндіктер және білікті адам ресурсы тұрғысынан өте жақсы деңгейде екенін мәлімдеді.

Гази университетінің QS рейтингтеріндегі біліммен қатар «өмір туралы ғылымдар және медицина» мен «өнер және гуманитарлық ғылымдар» салаларында да табысты екенін айтқан Йылдыз «Біз университетіміз атынан жетістіктерге қол жеткізгенімізді мақтан тұтамыз және қуанамыз. Университет көп жылдық тәжірибесімен дайындалған оқытушы-профессорлық құрамы және табысты студенттік құрылымымен өзінің білім беру қызметін, ғылыми және академиялық зерттеулерін құрылу мақсатына сәйкес жалғастыруда» деді.



Ұқсас жаңалықтар