«Он бір айдың сұлтаны» Рамазан айы ертең басталады

Дін істері басқармасы Рамазан айының биылғы тақырыбын «Ораза және ынтымақ» деп белгіледі.

1963371
«Он бір айдың сұлтаны» Рамазан айы ертең басталады
ayasofya.jpg

Мұсылмандар үшін маңызды үш айдың бірі деп есептелетін Ораза айында ауызашарлар мен сәресі ішіледі. Құптан намазымен бірге Ораза айына тән Тарауық намазы оқылады.

Биылғы ораза 29 күнге созылады. Дін істері басқармасы Рамазан айының биылғы тақырыбын «Ораза және ынтымақ» деп белгіледі.

Тағатсыздана күткен қасиетті айға мешіттер де дайын.

Стамбулдың рухани орталықтары, Аяй-София және Эйюп Сұлтан мешіттері де раушан суымен жуылып, Рамазан айға әзірленді.

Сауд Арабиясы, Катар, Ирак, Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ), Кувейт, Бахрейн, Палестина, Сирия, Йемен, Мысыр, Ливан, Судан, Ливия, Тунис және Иран Рамазан айының бейсенбі күні басталатынын жариялады. Иордания, Оман, Алжир, Мавритания және Марокко болса бүгін жарты айды бақылаған соң мәлімдеме жасайды.



Ұқсас жаңалықтар