Футболшылардың жейделерін сатып, қайырымдылық науқанын бастады
Карим Бензема мен Гарри Кейн жейделері 1 миллион 250 мың лираға сатылды.
Футболшы Мерих Италияда бастаған көмек науқаны Түркияның мақтанышына айналды.
Аталантада ойнайтын ұлттық футболшы Мерих Демиралдың жер сілкінісі құрбандары үшін бастаған науқанындағы қайырымдылық сомасы 8 миллион лираға жақындады.
Мерих «Twitter» парақшасында аукционға қойылған Карим Бензема мен Гарри Кейн жейделерінің 1 миллион 250 мың лираға сатылғанын хабарлады.
Ұлттық футболшының бастамасымен «Пари Сен-Жермен» командасынан Лионель Месси мен Килиан Мбаппе, «Манчестер Ситиден» Эрлинг Холанд, «Аль Насрдан» Криштиану Роналду, римдік Пауло Дибала, «Атлетико Мадридтен» Антуан Гризманн сынды танымал ойыншылардың жейделері аукционға қойылып, ақшасы жер сілкінісінен зардап шеккендерге беріледі.
Ұқсас жаңалықтар
«Әлемдік робот кубогы» Ван қаласында өтуде
Доданы Халықаралық «RoboSports» қоғамы федерациясы мен «FIRA» Еуразия филиалы ұйымдастыруда