Түрік балуан алтын медаль алды
Түрік балуан финалда ирандық балуанды 3-1 есебімен жеңіп, алтын медальға қол жеткізді.
1942597

Загребтегі ашық күрес турнирінде грек-рим стилінде 72 келіде өнер көрсеткен түрік балуан Селчук Джан алтын медальді жеңіп алды.
Хорватияда өткен жарыста Селчук кезегімен қытайлық Цзянь Танды, поляк Роман Пакурковскиді және француз Ибрахим Махмуд Ганемді жеңіп финалға шықты.
Түрік балуан финалда ирандық Саджад Али Именталабфуманиді 3-1 есебімен жеңіп, алтын медальға қол жеткізді.
Селчук Джан өткен жылдың қыркүйек айында Сербияның астанасы Белградта өткен әлем чемпионатында қола жүлдегер атанған еді.
Әлемдік рейтингке ұпай беретін Загреб ашық турнирінде Түркия грек-рим стилінде 1 алтын, ерлер еркін стильде 2 қола медальға қол жеткізді.