Қаңтар айында Анталияға көп турист келді
Анталия 2023 жылдың алғашқы айында 219 мың 647 шетелдік туристті күтіп алды.

Анталия Жаңа типтегі коронавирус (Ковид-19) індеті кезінде «Қауіпсіз туризм сертификаты» бағдарламасымен туристерді қабылдауды жалғастыруда. Анталия 13,5 миллион шетелдік туристті қарсы алса, 2023 жылды жылдам бастады.
Облыстық мәдениет және туризм басқармасының санақтарына қарағанда, қаңтар айында 2023 маусымына үмітті атмосферамен қалаға әуе жолдары арқылы келген шетелдік турист саны өткен жылмен салыстырғанда 58 пайызға артып, 219 мың 647-ге жетті.
Ең көп турист жіберген елдердің тізімінде Ресей әр кезеңдегідей бірінші орынды иеленді.
Қаңтар айында Анталияға Ресейден 71 мың 752 турист келді. Ресейден кейін ретімен 35 мың 214 туристпен Германия екінші орынды және 13 мың 512 туристпен Ұлыбритания үшінші орынды иеледі.
Ұқсас жаңалықтар

Түрік құрамасы Хорватия матчына дайын
Армения құрамасын 2-1 жеңген түрік құрамасы үш ұпаймен тобында көш бастап тұр.

Бағламаның үні Қытайда жаңғырды
Музыкалық топтың бағламамен берген концерттері ел ішінде жоғары бағаланды.