Стамбул өз халық санымен тең туристі қонақ қылды
Өткен жылы қалаға 1 миллион 495 мың 24 ресейлік келген.

2022 жылы Стамбулға келген шетелдік турист саны өткен жылмен салыстырғанда 77 пайызға артып, 16 миллион 18 мың 726-ға жетті.
Қалалық мәдениет және туризм басқармасының мәліметіне қарағанда, 2022 жылы қалаға келген шетелдік турист саны 16 миллион 18 мың 726-ға жеткен.
Алдынғы жылы 9 миллион 25 мың 4 адам келген қалаға 2022 жылы келген турист саны 6 миллион 993 мың 722 адамға артты.
Алдыңғы жылы бірінші орында немістер орын алған болса, Стамбулда келген туристер арасында 2022 жылы орыстар бірінші орынды иеленді.
Өткен жылы қалаға 1 миллион 495 мың 24 ресейлік келген.
Ресейден кейін 1 миллион 237 мың 314 туристпен Германия, 1 миллион 97 мың 993 туристпен Иран, 717 мың 107 туристпен АҚШ, 613 мың 199 туристпен Англия, 567 мың 475 туристпен Франция, 473 мың 563 туристпен Израиль, 423 мың 945 туристпен Ирак, 390 мың 353 туристпен Сауд Арабиясы және 388 мың 926 туристпен Кувейт келеді.
Ұқсас жаңалықтар

Бағламаның үні Қытайда жаңғырды
Музыкалық топтың бағламамен берген концерттері ел ішінде жоғары бағаланды.