Мысырда Перғауындарға тән жәдігерлер табылды
Мысырдың тарихи Саккара аймағында Перғауындар (фараон) әулетіне жататын мумия, 9 мүсін және кейбір құнды заттар табылды.






Мысырдағы патша қабірлері орналасқан тарихи Саккара аймағында жүргізілген археологиялық зерттеулер кезінде 5-ші және 6-шы Перғауындар (фараон) әулетіне жататын мумия, 9 мүсін және кейбір құнды заттар табылды.
Мысыр археологы, Тарихи Мұралар ескі министрі Захи Хавас баспасөз мәслихатында Саккара аймағындағы археологиялық қазбалар мен табылған жаңа жәдігерлер туралы мәлімдеме жасады.
Захи Хавас қазба жұмыстары кезінде 4300 жыл бұрынғы екені межеленген мумия, 9 мүсін және кейбір құнды заттардың табылғанын айтты.
Хавас табылған археологиялық жәдігерлердің 5-ші Перғауындар әулетіне жататынын білдірді.
Табылған мумияға қатысты Хавас:
«Табылған мумия ер адамға тиесілі. Оның есімі Хека Шибс. Бұл табыт 4300 жыл бойы мүлде ашылмаған. Бұл корольдік мумиялардан басқа біз тапқан ең көне мумия» деп мәлімдемеді.
Ұқсас жаңалықтар

Лондонда рамазан айы
Көшедегі жарықтандыруға лондондықтардан бөлек шетелдік туристер де үлкен қызығушылық танытты.

Толунай Кавкас Түркия суперлигасына қайта оралды
Футболдан Түркия суперлигасындағы «Ankaragücü» жаңа жаттықтырушысын тағайындады.