Мысырда ежелгі мекен орны табылды
Рим дәуірінен қалған алғашқы қоныс қаласы табылғаны білдірілді.

Мысырдың оңтүстігіндегі Луксор қаласында Рим дәуірінен қалған екі мың жылдық елді мекен табылды.
Туризм және тарихи жәдігерлер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде қаланың шығысында Луксор ғибадатханасына жапсарлас жерде б.з.б. 30-395 жылдар аралығында Рим дәуірінен қалған алғашқы қоныс қаласы табылғаны білдірілді.
Ежелгі Фивия қаласының жалғасы екені айтылған аймақ Луксор уәлаятының шығыс жағалауындағы «ең маңызды және ең көне елді мекен» ретінде тіркелді.
Қазіргі уақытта Луксор қаласы ретінде белгілі Фивия ежелгі Мысырдың ең маңызды қалаларының бірі болып саналады.
Ежелгі Фивия және қабірлер 1979 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымының (ЮНЕСКО) Әлемдік мұралар тізіміне енгізілген еді.
Ұқсас жаңалықтар

Лондонда рамазан айы
Көшедегі жарықтандыруға лондондықтардан бөлек шетелдік туристер де үлкен қызығушылық танытты.

Толунай Кавкас Түркия суперлигасына қайта оралды
Футболдан Түркия суперлигасындағы «Ankaragücü» жаңа жаттықтырушысын тағайындады.