Париж - ең маңызды туристік қала

Бейжің, Лондон және Нью-Йорк Парижден кейінгі әлемдегі ең маңызды туристік қалалардың арасында тұр.

1935840
Париж - ең маңызды туристік қала

Дүниежүзілік саяхат және туризм кеңесі (WTTC) жүргізген зерттеуде Францияның астанасы Париж әлемдегі ең қуатты және маңызды туристік қалалар арасында бірінші орынға ие болды.

Франциядағы «BFMTV» телеарнасы туристік индустрияның жетекші ұйымы WTTC-тің әлемдегі туризм саласындағы ең қуатты мегаполистер бойынша жүргізген зерттеу нәтижелерін жариялады. Осы мәліметтерге сәйкес келген туристер санымен қатар Париж мұражай билеттері, қонақүйлерді брондау және туристердің шығындарын ескергенде әлемдегі ең қуатты және маңызды туристік қалалардың көшбасшысы болып табылады.

2022 жылы қалаға барған туристердің шығыны 35 миллиард доллардан асты.

Сонымен қатар Парижде өтетін 2024 Олимпиада ойындары қарсаңында бірқатар жаңа спорт нысандары салынғанына қарамастан, туристерді қарсы алу үшін қаланың инфрақұрылымына және  қауіпсіздігіне айтарлықтай инвестиция салынып жатыр.

WTTC рейтингінде Бейжің, Лондон және Нью-Йорк Парижден кейінгі әлемдегі ең маңызды туристік қалалардың арасында тұр.



Ұқсас жаңалықтар