FIFA-ның «жыл ойыншысы» үміткерлері белгілі болды

Тізімде Роналду жоқ.

1932308
FIFA-ның «жыл ойыншысы» үміткерлері белгілі болды

FIFA-ның «жыл ойыншысы» үміткерлері белгілі болды.

Жұлдыздар шеруінің 14 адамдық тізімінде португалдық футболшы Криштиану Роналдудың жоқтығы назар аударды.

Жарияланған 14 үміткердің тізімінде әлемге әйгілі футболшылар бар. Үздіктер анықталатын кеште Лионель Месси, Неймар, Килиан Мбаппе және Эрлинг Халанг сынды жұлдыздар көзге түседі.

Бұл тізімде португалиялық жұлдыз Криштиану Роналдудың жоқтығы назар аударарлық.

«Ballon Dor» сыйлығымен көзге түскен Кәрім Бензема да 14 адамның тізіміне енді. Тізімдегі ең таңқаларлық есім Джулиан Альварес болды. «Манчестер Сити» командасының 22 жастағы жұлдызы әлем чемпионатындағы өнерімен көзге түскен болатын.

Тізімде өз клубтары мен ұлттық құрамаларында маңызды істер атқарған футболшылар да орын алды. Мохаммед Салах, Лука Модрич, Винисиус Жуниор, Садио Мане, Роберт Левандовски, Кевин Де Брюйне, Джуд Беллингем және Ашраф Хакими үздік болу үшін бақ сынайды.

FIFA сайтында өтетін дауыс беру қорытындысы 27 ақпанда жарияланады.



Ұқсас жаңалықтар