Орыстар Түркияны таңдады

Орыстар жаңа жыл үшін Түркияны таңдады.

1925813
Орыстар Түркияны таңдады

Түркия Жаңа жыл қарсаңында ресейлік туристер үшін бірінші орынға шықты.

Ресейлік «РИА Новости» ақпараттық агенттігі «Kupibilet» туристік сайтының деректеріне сүйене отырып, жаңа жыл қарсаңында саяхаттауға ең көп билет сатып алынған елдер туралы ақпаратты жариялады.

Хабарға қарағанда,  азаматтардың жаңа жылды қарсы алу үшін Түркияны көбірек таңдаған,  Түркияның билет сатылымындағы үлесі  28 пайыздан асқан.

Орыс туристер алған билет көрсеткішінде Түркиядан кейін Армения 16 пайыздық үлеспен екінші орында, Израиль мен Әзірбайжан әрқайсысы 7 пайыздық үлеспен үшінші орында тұр.



Ұқсас жаңалықтар