Футбол әлемі аза тұтуда

Бразилия үкіметі үш күндік ұлттық аза тұту жариялады.

1925556
Футбол әлемі аза тұтуда
Pele 6
Pele 5
Pele 4
Pele 3
Pele 2

Әлемге әйгілі бразилиялық футболшы Пеле 82 жасында қайтыс болды.

Бразилия үкіметі үш күндік ұлттық аза тұту жариялады.

Пеле атымен танымал футболшы, футбол тарихында ерекше жетістікке жеткен Эдсон Арантес до Насименту Сан-Паулуда «Альберт Эйнштейн» ауруханасында қайтыс болды.

Пеле бүкіл мансабы бойынша 1281 гол соқты.

Ол жеңуі қиын рекорд орнатты.

Допқа әр тиген сайын өзінің айырмашылығын көрсететін Пеле 1940 жылы 23 қазанда Бразилияда дүниеге келген.

17 жасында ұлттық құрама жейдесімен әлем чемпионатына қатысты.

Спорттық мансабында 3 рет әлем чемпионатында жеңіске жеткен Пеле бүкіл мансабында бір матчта 6 рет 5 гол соқты.

Бір кездесуде 30 рет 4 гол соққан аты аңызға айналған футболшы 92 кездесуде хет-трик жасаған.



Ұқсас жаңалықтар