"Falcon-9" зымыраны сәтті ұшырылды

Америкалық кәсіпкер Илон Маскке тиесілі "SpaceX" компаниясы "54 Starlink" жасанды серігін тағы орбитаға жолдады.

1924965
"Falcon-9" зымыраны сәтті ұшырылды

Ғарыштық тасымал компаниясы "SpaceX-тің" "54 Starlink" жасанды серігін тасымалдаған "Falcon-9" зымыраны сәтті ұшырылды.

Америкалық кәсіпкер Илон Маскке тиесілі "SpaceX" компаниясы "54 Starlink" жасанды серігін тағы орбитаға жолдады.

Интернет жерсеріктерін тасымалдайтын "Falcon-9" зымыраны жергілікті уақыт бойынша сағат 04:35-те АҚШ-тың Флорида штатындағы Канаверал мүйісі Ғарыш күштерінің базасынан сәтті ұшырылды.

Жер серіктерін әртүрлі орбиталарға жіберу үшін жаңа лицензия рұқсатына алған "SpaceX" жақында ұшырылған жерсеріктердің арқасында абоненттер тығыздығы бар аймақтарға жылдамырақ интернет қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

"SpaceX" Илон Маск негізін қалаған ғарыш тасымалдау компаниясының құрамына "Falcon 9", "Falcon Heavy", "Starlink", "Dragon Cargo" және "Starship" сияқты ғарыштық көліктер кіреді.

Компанияның ғарыш тасымалының құнын төмендетуді нысанаға алғаны баршаға мәлім. 



Ұқсас жаңалықтар