Аргентинаның қарсыласы Франция болады

Марокко үшінші орын үшін Хорватиямен жарысады.

1919026
Аргентинаның қарсыласы  Франция болады

2022 жылғы футболдан әлем чемпионатында Марокконы 2:0 есебімен жеңген соңғы чемпион Франция финалға жолдама алды.

Франция құрамасы Мессидің Аргентинасымен кездеседі.

Турнирде жаңалықтарға қолтаңба басқан Марокко үшінші орын үшін Хорватиямен жарысады.

Франция мен Марокко 2022 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалында бақ сынасты. Матчтың 5-минутында Тео Эрнандестің соққысымен алға шыққан Еуропа құрамасы бірінші айналымда 1:0 есебімен басым түсті.

Марокко екінші таймда қарсылас қақпасына қатты қысым жасағанымен, минуттар 79-ы көрсеткенде сахнаға Коло Муани шықты.

Осы голден кейін Франция гол жібермей, финалда Аргентинаның қарсыласы атанды.

Футболдан әлем чемпионатында Франция - Аргентина финалы жексенбі күні Түркия уақытымен  18:00-де ойналады.

Үшінші орын үшін матчта сенбі күні сағат 18:00-де Хорватия мен Марокко сайысады.



Ұқсас жаңалықтар