TRT бірлескен туындысы «Пота» Венесуэлада жүлде алды

«Пота» 36 елден 116 фильм бақ сынаған фестивальде «Үздік фильм» жүлдесін жеңіп алды.

1918056
TRT бірлескен туындысы «Пота» Венесуэлада жүлде алды

Сценарист және режиссер Ахмет Токлуның TRT бірлескен туындысы «Пота» (баскетбол шеңбері) атты фильмі Венесуэлада 8-ші рет ұйымдастырылған «Festival de Cine Infantil de Ciudad Guayana» фильм фестивалінде жүлде алды.

Тақырыппен байланысты жасалған мәлімдемеге қарағанда «Пота» 36 елден 11 санатта 116 фильм бақ сынаған фестивальдің толықметражды фильм санатында «Үздік фильм» жүлдесін жеңіп алды.

Халықаралық премьерасын Италияда өткен «51-ші Гиффони фильм фестивалінде» жасаған фильм осы уақытқа дейін қатысқан ұлттық және халықаралық фестивальдерде де көптеген марапаттарға ие болды.

Мәдениет және туризм министрлігінің қолдауымен түсірілген фильм Беларусьтегі «28-ші Минск халықаралық фильм фестивалінен» өткен айда «Қазылар алқасы арнайы жүлдесімен» оралды.

Өз маңайында баскетбол шеңберін орнатқан кедей балалардың күресін тақырып қылған фильмде жас актер Алып Акарға қоса Бахар Хажыбекташоғлу, Сибел Мелек Арат, Егемен Алмаджы, Мерт Эрдоғду, Мехмет Халил Челик, Самет Севтекин, Мирач Челен, Өзгүр Дерели және Бурхан Йылдыз басты рөлдерде.



Ұқсас жаңалықтар