Гөкхан Халыжы ғылымға үлкен есе қосты

Қыналардың Антарктидадағы жер үсті өсімдіктерінің ең басым ағзалары екеніне тоқталған Халыжы 500-ге жуық қына түрімен зерттеу жүргізгендерін айтты.

1914451
Гөкхан Халыжы ғылымға үлкен есе қосты

Ержиес университеті Ғылым факультеті Биология бөлімінің профессоры және Антарктидада ғылыми зерттеу жүргізген алғашқы түрік тобының қатарында болған доктор Гөкхан Халыжы аймақта анықтаған қынаның 10 түрімен ғылымға үлес қосты.

2016 жылы 28 желтоқсанда Стамбул Техникалық университетінің Полярлық зерттеулерді қолдану және зерттеу орталығы Антарктидаға ғылыми зерттеулер жүргізу үшін жіберген топтағы проф. др. Халыжы құрлықтағы ғылыми-зерттеу базаларындағы жұмысқа қатысты.

Украина, Чехия және Түркия базаларында болған кезінде 200 түрге жататын 800 сынамамен Түркияға оралған Халыжы қыналар бойынша зерттеулерін Түркияда жалғастырды.

Қыналардың Антарктидадағы жер үсті өсімдіктерінің ең басым ағзалары екеніне тоқталған Халыжы 500-ге жуық қына түрімен зерттеу жүргізгендерін айтты.

Доктор Гөкхан Халыжы:

«Соңғы алты жылда атқарған жұмысымызбен біз ғылым әлеміне жаңа, яғни бұрын дүние жүзінде еш жерде сипатталмаған 10 жаңа түрді анықтадық және оларға ат қойдық. Сондай-ақ басқа құрлықтарда танымал, алайда Антарктидада бұрын байқалмаған 25-30 қына түрін анықтадық» деді.



Ұқсас жаңалықтар