АҚШ-та «Аяз Ата жарысы» өтті
Нью-Джерсидегі Асбери саябағында өткен 7-ші жүгіру жарысына Аяз Атаның киімін киген жүздеген адам қатысты.
1914452

Америка Құрама Штаттарында (АҚШ) дәстүрлі «Аяз Ата жарысы» өтті.
Нью-Джерсидегі Асбери саябағында өткен 7-ші жүгіру жарысына Аяз Атаның киімін киген жүздеген адам қатысты.
Іс-шарадан түскен қаражат жергілікті қайырымдылық қорына аударылды.
АҚШ-та 25 желтоқсанда тойланатын Рождество мерекесіне дейін түрлі іс-шаралар өткізіліп, әр қаланың негізгі орталықтарында шыршалар безендірілген.