"Orion" капсуласы «ең алыс қашықтық» рекордын жаңартты

NASA мәлімдемесінде капсуланың 26 ​​қарашада шамамен 430 мың шақырым жол басқаны  хабарланды.

1912944
"Orion" капсуласы «ең алыс қашықтық» рекордын жаңартты

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) Ұлттық Аэронавтика және Ғарыш кеңестігін зерттеу ұлттық басқармасы НАСА 16 қарашада Айға оралу жобасы аясында ұшырған "Orion" капсуласы «ең алыс қашықтық» рекордын жаңартты.

NASA мәлімдемесінде капсуланың 26 ​​қарашада шамамен 430 мың шақырым жол басқаны  хабарланды.

Мәлімдемеде бұл «адамдарды тасымалдауға арналған ғарыш кемесі саяхаттай алатын ең ұзақ қашықтық бойынша рекорд» деп жарияланды.

НАСА 16 қарашада Айға оралу жобасы "SLS-Orion" «Artemis 1» ғарыш кемесі ұшырылғанын, 21 қарашада капсуланың 128 километрмен Ай орбитасындағы жер бетіне ең жақын порынға келгенін хабарлады. 

Капсуланың Тынық мұхитына 11 желтоқсанда оралуы жоспарланған.

НАСА астронавттарының қазір Айға қонуы жоспарланбаған "Orion" капсуласы арқылы 2024 жылы Айдың төңірегінде сынақ турын жасайтыны және 2025 жылы "SpaceX Starship" кемесімен Айға қонуы жоспарланатыны атап көрсетілді.

НАСА-ның "SLS-Orion" ғарыш кемесі  үшін қазірге дейін кемінде 37 миллиард доллар жұмсағаны білдіріуде.

НАСА грек мифологиясындағы Аполлонның егізінің атымен аталған  бағдарламасы арқылы ғарышкерлерді 2025 жылы Айға жолдауды және Марсқа адамдарды жібере алатын  өршіл әрі ұзақ мерзімді сапарлар үшін Ай колониясын құруды мақсат етеді.



Ұқсас жаңалықтар