Ресей «Космос-2564» жер серігін ұшырды
«Союз 2.1б» зымыран тасығышымен ұшырылған «Космос-2564» атты жер серігін
1912387

Ресей Қорғаныс министрлігі ресейлік армияның пайдалануы үшін орбитаға тағы бір жер серігін ұшырды.
Ресейдің Архангельск облысындағы Плесецк ғарыш базасынан «Союз 2.1б» зымыран тасығышымен ұшырылған «Космос-2564» атты жер серігінің орбитаға сәтті шыққаны жарияланды.
Министрлік жасаған мәлімдемеде «Ғарыш кемесі болжанған уақытта Авиация және ғарыш күштерінің бақылауына өтті» деп хабарлады.
Ресей 2 қарашада Плесецк ғарыш базасынан кезекті әскери жер серігін ұшырған болатын.