Стамбулға келген турист саны қазан айында артты

Стамбулға қазан айында келген турист саны 37 пайыз артып, 1 миллион 584 мың 692 жетті.

1911977
Стамбулға келген турист саны қазан айында артты

Стамбул Мәдениет және туризм басқармасы биылғы жылдың 10 айында қалаға барлығы 13 миллион 372 мың 526 турист келгенін жариялады.

Стамбулға қазан айында келген турист саны өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 37 пайыз артып, 1 миллион 584 мың 692 жетті.

Стамбул ағымдағы жылдың қазан айында өткен жылмен салыстырғанда 37 пайыз артып 1 миллион 584 мың 692 туристті қабылдады.

Қазан айында қалаға әуе арқылы 1 миллион 538 мың 452, теңіз арқылы 46 мың 240 адам келді.

Өткен айда болғандай, осы айда 185 мың 339 адаммен Стамбулға келген туристер арасында орыстар бірінші орынды иеледі.

Ресейден кейін кезегімен Германиядан 116 мың 219 турист, Ираннан 94 мың 579, АҚШ-тан 72 мың 428, Ұлыбританиядан 62 мың 510, Франциядан 55 мың 389, Сауд Арабиясынан 48 мың 999, Италиядан 40 мың 108, Израильден 33 мың 691, Ирактан 33 мың 691, Өзбекстаннан 31 мың 740 турист, Испаниядан 29 мың 172, Иорданиядан 28 мың 676, Мароккодан 27 мың 624 және Үндістан 26 мың 995 турист Стамбулға келді.

Қазан айында Стамбулға 194 елден турист келсе, Тонга мен Соломон аралдарынан бір-бірден адам, Науру мен Макаодан болса екі адамнан келуші қаланы аралады.



Ұқсас жаңалықтар