"Куафу-1" серігі Жер шарына алғашқы суретті жолдады

«Куафу-1» деп аталатын Дамыған Ғарыш Күнді бақылау жасанды серігі  9 қазанда ғарышқа ұшырылған болатын.

1910749
"Куафу-1" серігі Жер шарына алғашқы суретті жолдады

Қытай қазан айында ғарышқа жіберген "Куафу-1" Дамыған Ғарыш Күнді бақылау жасанды серігі Жер шарына алғашқы деректерді жолдады.

Синхуа агенттігінің хабарлауынша Қытай Ғылым академиясы жүзеге асырған жобаның жұмысына жауапты бас ғалым Ган Вейчунь спутниктің 24 қараша күні 11 қарашадағы күннің жарылысын Х-рентгендік жарықпен түсірген суреттерін жібергенін хабарлады.

Суреттердің жер серігінің қатты Х-рентгендік түсіргіші арқылы жазылғанын айтқан Ган әлі сынақ сатысында болғанымен сурет сапасының тамаша деңгейге жақын екенін, жарылыстың барысы мен Күн құрылымының нәзіктіктерінің бақылануы мүмкін екені байқалғанын білдірді.

«Куафу-1» деп аталатын Дамыған Ғарыш Күнді бақылау жасанды серігі  9 қазанда ғарышқа ұшырылған болатын.



Ұқсас жаңалықтар