АҚШ "Eutelsat 10B" байланыс серігін ұшырды

Жасанды серігінің Америка, Атлант мұхиты, Еуропа, Африка, Таяу Шығыс және Орталық Азиядағы тұтынушыларға теңізде және әуеде қызмет ететіні білдірілді.

1909852
АҚШ "Eutelsat 10B" байланыс серігін ұшырды

Американдық Ғарыштық серік және зымыран өндіруші "SpaceX" "Falcon 9" зымыранымен "Eutelsat 10B" байланыс жасанды серігін ғарышқа ұшырды.

Жасанды серік АҚШ-тың Флорида штатындағы Канаверал мүйісі Ғарыш станциясынан жергілікті уақыт бойынша 22 қараша күні сағат 21:57-де ұшырылды.

Америка Құрама Штаттары Ұлттық Аэронавтика және Ғарыш кеңістігін зерттеу басқармасы НАСА веб-сайтында "Eutelsat 10B" байланыс жасанды серігінің Америка, Атлант мұхиты, Еуропа, Африка, Таяу Шығыс және Орталық Азиядағы тұтынушыларға теңізде және әуеде кең көлемді деректер мен бейне байланысын қамтамасыз ететіні білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар