Түркия УЕФА-ға үміткерлік құжатын тапсырды

УЕФА мәлімдемесінде 2028 және 2032 чемпионаттарын өткізгісі келетін елдердің алдын ала ұсыныс құжаттарын тапсырғаны атап өтілді.

1907387
Түркия УЕФА-ға үміткерлік құжатын тапсырды

Түркия 2028 және 2032 жылдардағы Еуропа футбол чемпионаттарын өткізу үшін Еуропа Футбол Федерациялары одағы УЕФА-ға үміткерлік құжатын тапсырды.

УЕФА мәлімдемесінде 2028 және 2032 чемпионаттарын өткізгісі келетін елдердің алдын ала ұсыныс құжаттарын тапсырғаны атап өтілді.

Түркия УЕФА-ға 2028 және 2032 жылдардағы чемпионаттарына үй иесі болу үшін құжаттарын  ұсынды. Ұлыбритания, Солтүстік Ирландия, Ирландия Республикасы, Шотландия және Уэльс футбол федерациялары 2028 жыл үшін және Италия 2032 жылға арналған ұсыныстарын тапсырды.

Тендерлік өтінімнің құжатын ұсынудың соңғы мерзімі 2023 жылдың 12 сәуірі болып белгіленді. Ұйымдастырушы елдер келесі жылдың күзінде жарияланатыны межеленуде.



Ұқсас жаңалықтар