ТӘЖ: БАӘ рейстерінде «ковид-19» шаралары жойылды
Түрік Әуе жолдары (ТӘЖ) Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) рейстерінде «ковид-19» шараларының жойылғанын хабарлады.
1906795

Түрік Әуе жолдары (ТӘЖ) Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) рейстерінде «ковид-19» шараларының жойылғанын және бұл елге кірген кезде вакцинация картасын немесе ПТР тестін тапсырудың міндетті емес екенін мәлімдеді.
ТӘЖ-ның әлеуметтік желідегі аккаунттарынан жасалған хабарламада «Біріккен Араб Әмірліктерінде іске қосылған «ковид-19» шаралары аяқталды. Бұл елге кірген кезде вакцинация картасы немесе ПТР тестін тапсыру міндетті емес. Сапарыңыз сәтті өтсін» делінді.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін - Рағайып түні
Дін істері басқармасы төрағасы Али Ербаш Рағайып түніне орай хабарлама жариялады.