Қытай «Минтьен» модулін ғарышқа ұшырды

«Минтьен» модулі Хайнань аралындағы Винчаң Ғарыш көліктерін ұшыру орталығынан «Long March 5В» зымыран тасығышымен ұшырылды.

1900120
Қытай «Минтьен» модулін ғарышқа ұшырды

Қытай Жер шары орбитасында өзі салған ғарыш станциясының бір бөлігін құрайтын екінші зертханалық модулін ғарышқа жолдады.

Басқарылатын Ғарыш бағдарламасы агенттігінің мәлімдемесіне сәйкес «Минтьен» модулі Хайнань аралындағы Винчаң Ғарыш көліктерін ұшыру орталығынан «Long March 5В» зымыран тасығышымен ұшырылды.

Іске қосылғаннан кейін модульдің ғарыш станциясы орналасқан 400 шақырым биіктіктегі Төменгі Жер шары орбитасына жетуі және содан кейін станциямен түйісуі жобалануда.

Қытай тілінде  «аспанды армандау» мағынасына келетін «Минтянь» модулі «Тиенхы» (аспан үндестігі) деп аталатын негізгі модульге қосылады.

Шанхай Ғарыштық ұшу технологиялары академиясы әзірлеген ұзындығы 17.9 метр және диаметрі 4.2 ​​метр болған модульдің салмағы 23 тонна.

Бір негізгі модульден, екі зертханалық модульден жәнебір ғарыштық телескоптан қалыптасуы жоспарланған "Тиенгонг" (аспан сарайы) станциясы аяқталған кезде Ресейдің қазір тоқтап қалған Мир Ғарыш станциясымен бірдей өреге жетеді.

Станцияның негізгі бөлігі «Тяньхы» (аспан үндестігі) деп аталатын негізгі модуль 2021 жылдың 29 сәуірінде, ал «Винтиен» (аспанды іздеу) бірінші зертханалық модулі 24 шілдеде іске қосылды.

Ағымдағы жылдың аяғына дейін аяқталады деп жоспарланған станцияда үш адамнан тұратын тайконавттар тобы міндет атқаруда.



Ұқсас жаңалықтар