«Кападокиялық Джордж» атты фильмнің премьерасы Гөремеде өтеді

фильм 30-дан астам Латын Америка елінде көрсетіледі.

1897511
«Кападокиялық Джордж» атты фильмнің премьерасы Гөремеде өтеді
kapadokyali george1.jpg
kapadokyali george.jpg

Кападокияда туған деп есептелетін және әлемнің көптеген жерінде оның есімімен аталатын шіркеу мен ғибадатханалар бар Әулие Джордждың өмірін баяндайтын «Кападокиялық Джордж» атты фильмнің Латын Америка елдерінде Каппадокияға деген қызығушылықты арттыруы күтіледі.

Үшінші ғасырда Рим императоры Диоклетианның бұйрығымен алғашқы христиандардың жәбірленуі және батыр сарбаз Джордждың күресі туралы баяндайтын Бразилия түсірген фильмнің кейбір көріністері 2019 жылы Кападокияның әртүрлі аймақтарында түсірілді.

Невшехир қаласына қарасты Гөреме ауданында аптаның соңында премьерасы Бразилияда өтетін фильм кейін араларында Уругвай, Аргентина, Боливия, Колумбия, Чили, Эквадор, Панама және Перу сияқты көптеген Латын Америка елінде ағылшын, түрік, португал және испан тілдеріне аудармаларымен көрсетіледі.

Невшехирдегі шараға қатысқан фильмнің режиссері және басты актері Александр Мачафер Мачадо Феррейра Бразилияда бір жылға жуық уақытты алған фильмнің маңызды көріністерінің Кападокияда түсірілгенін атап көрсетті.

Феррейра фильм жарыққа шыққаннан кейін әрі Әулие Джорджтың, әрі Кападокияның одан көбірек адам тарапынан танылатынын тілге тиек етті.

Кинокомпания директоры Леандро Пирес Беллини болса фильмнің екі ел арасында мәдени көпір болатынына сенімін білдіріп, «Фильм 30-дан астам елде көрсетілетіндіктен туризмге үлкен үлес қосады» деді.



Ұқсас жаңалықтар