Балыкесирде Рим дәуіріндегі кемежай моншасы табылды

Балыкесирдегі Адрамитеион қазбаларында Рим дәуіріне жататын кемежай моншасының жерасты жылыту жүйесі табылды.

1895051
Балыкесирде Рим дәуіріндегі кемежай моншасы табылды

Балыкесирдің Бурхание ауданында 11 жылдан бері жалғасып келе жатқан  Адрамитеион байырғы қаласының қазбаларында Рим дәуіріне жататын кемежай моншасының жерасты жылыту жүйесі табылды.

Қазба комиссиясының жетекшісі Мимар Синан Көркемөнер университеті Археология бөлімінің докторы Мұрат Өзген табылған кемежай моншасы туралы:

«Біз бұл ғимараттың біздің заманымыздың екінші немесе үшінші ғасырларына жататынын білетін едік. Құрылыс алаңы ішінен табылған заттармен бірге мұның Рим дәуіріндегі кемежай моншасы екенін анықтадық. Алдағы жылдары бұл бағыттағы жұмыстар бүкіл ғимаратта жалғасады» деді.



Ұқсас жаңалықтар