Йылдырым Түрік әлемін тіл бірлігіне шақырды

Бинали Йылдырым түрік мемлекеттерін тез арада ортақ тіл мен ортақ қарым-қатынас орнатуға шақырды.

1890969
Йылдырым Түрік әлемін тіл бірлігіне шақырды

Түрік мемлекеттері ұйымы ақсақал кеңесінің төрағасы Бинали Йылдырым түрік мемлекеттерін тез арада ортақ тіл мен ортақ қарым-қатынас орнатуға шақырды.

Бинали Йылдырым Университеті 2022-2023 оқу жылының ашылуы және Халықаралық Түрік әлемі симпозиумы бағдарламасы Эрзинджан қаласында басталды.

Бинали Йылдырым бағдарламада сөйлеген сөзінде Түрік мемлекеттері ұйымының құрылу мақсатының әл-ауқатты арттыру, ортақ көлік инфрақұрылымын, коммуникация инфрақұрылымын дамыту, ортақ мәдениетті сақтау және қорғаныс мүмкіндіктерін бөлісу екенін айтты.

Тіл бірлігінің маңыздылығына тоқталған Йылдырым «Бәріміз түрікпіз. Бірақ, өкінішке орай біз бір-бірімізбен басқа тілде сөйлесеміз. Сонда ең алдымен тіл бірлігін, әліпби бірлігін, тарих бірлігін қамтамасыз етуіміз керек» деген сөздер қолданды.

Йылдырым «Біз әліпбидегі қадамдарымызды тез басып, ортақ тіл мен ортақ қатынасты тез арада орнатуымыз керек» деп көрсетті.

Йылдырым Түрік мемлекеттері ұйымының 40-жылдық жобасының өте маңызды юір құжат екенін, 4 жылдық іс-қимыл жоспарларының алғашқысының іске асырылғанын, Түрік инвестициялық қорының құрылуын және басқа да көптеген шаралардың алда екенін түсіндірді.

«Біз бір халықпыз, көп мемлекетпіз» деген Йылдырым бұрын «Бір ұлт, екі мемлекет (Әзербайжан-Түркия)» дейтін едік, енді бір ұлт, 7 мемлекетпіз, мүмкін бұл одан да арта түседі» деді.



Ұқсас жаңалықтар