ТИКА-дан Алжирдегі мүгедектерді оңалту орталығына қолдау

ТИКА Алжирдегі мүгедектерді оңалту орталығына материалдық және құрал-жабдық қолдау көрсетті.

1887632
ТИКА-дан Алжирдегі мүгедектерді оңалту орталығына қолдау

Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (ТИКА) Алжирдегі мүгедектерді оңалту орталығына материалдық және құрал-жабдық қолдау көрсетті.

Бас қала Алжирдің Шерага аймағындағы «Қолөнер және үміт» атты мүгедектерді оңалту орталығының оқу жылының басталуымен бірге ТИКА Алжир координаторлығы тарапынан барлық қажеттіліктері қамтамасыз етілді.

Орталықта өткен материал мен құрал-жабдықтарды жеткізу рәсіміне Түркияның Алжирдегі елшісі Махинур Өздемир Гөкташ, ТИКА төрағасының орынбасары Рахман Нурдун және ТИКА Алжир координаторы Гөкчен Калкан қатысты.

Елші Гөкташ «Алдымен осындай бір шараға мұрындық болған ТИКА-ға алғыс айтамын. Мүгедек жас бауырларымыздың қасында болу және осындай керемет бір орталықпен танысқаныма қуаныштымын деп айтқым келеді» деді.

ТИКА вице-президенті Нурдун Алжирде осындай жобаға қатысуға өте қуанышты екенін айтып, бұл бағыттағы қолдаулардың жалғасатынын баса айтты.

«Қолөнер және үміт» атындағы мүгедектерді оңалту орталығының вице-президенті Линда Дираа болса, бұл орталықта қолөнер, мозаика, кескіндеме, дәстүрлі сабын жасау және әсіресе Османлы дәуірінен қалған тоқылған үстел мен орындық жасауды үйреткендерін атап «TИКА-ға үлкен алғысымды білдіргім келеді, өйткені олар бізді және біздің арнайы студенттерімізді қолдауымен қуантты» деді.



Ұқсас жаңалықтар