Көшпенді ойындары аяқталды

Ойындар 2024 жылы Қазақстанда болады.

1887499
Көшпенді ойындары аяқталды

Изник ​​қаласында өткізілген IV Дүниежүзілік көшпенді ойындары аяқталды.

Жабылу рәсімінде сөз сөйлеген ТР Жастар және спорт министрі Мехмет Мухаррем Касапоғлу ойындардың түрік әлеміндегі байланысты нығайтқанына назар аударды. Ол  Изникте төрт тамаша күн өткізгендерін айтып, Көшпенді ойындарында балалар, жастар, азаматтар өздерінің төл мәдениетін танып, әлемнің түкпір- түкпірінен келген адамдарды біріктіргенін білдірді.

Касапоғлу Изник ​​көлінен алынған суды 2024 жылы ойынды өткізетін Қазақстанның Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевқа тапсырды.

Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының президенті Билал Ердоған барлық қатысушыларға алғысын білдіріп, “Изникте 102 елден 3 мыңнан астам спортшы 40-тан астам дәстүрлі спорт саласында жарысып, өз өнерлерін насихаттауға мүмкіндік алды. Дәстүрлі спорт түрлері және ойындарымен қатар, ұлттық қолөнер бұйымдары, әлем тағамдары, дәстүрлі халық билері, сахналық көріністер жергілікті және шетелдік қонақтарды тәнтті етті” деді.



Ұқсас жаңалықтар