Астанада «Тарихтың бастапқы нүктесі: Гөбеклитепе» көрмесі ашылды

Көрмеге Гөбеклитепеден табылған жәдігерлерден тұратын 30 фотосуреті қойылды.

1887441
Астанада «Тарихтың бастапқы нүктесі: Гөбеклитепе» көрмесі ашылды

Қазақстанның бас қаласы Астанадағы Ұлттық музейде «Тарихтың бастапқы нүктесі: Гөбеклитепе» көрмесі келушілерге есігін айқара ашты.

Астана Юнус Эмре институты ұйымдастырған көрменің ашылу салтанатына мемлекеттік әкімшілік өкілдері, дипломатиялық қызмет мүшелері және көптеген ғалымдар қатысты.

Көрмеге Гөбеклитепеден табылған жұмыстардың 30 фотосурет қойылды.

Астана Юнус Эмре Институты директорының уәкілі Алмагүл Исина «Астана Юнус Эмре институты ретінде біз Түркияның мәдени құндылықтарын, мәдени мұрасы мен тарихын Қазақстанда насихаттауға тырысамыз. ҚР Ұлттық музейі Қазақстандағы жергілікті және шетелдік туристер ең көп баратын мұражай болып табылады және келушілерді кіреберіс қабатындағы үлкен экранда қазақ және ағылшын тілдерінде Гөбеклитепенің жарнамалық бейнекөрінісі қарсы алады» деді.

Көрме ғалымдар мен студенттердің үлкен қызығушылығын тудырды. Гөбеклитепе туралы көрме келушілерді 7 қазан күніне дейін күтеді.



Ұқсас жаңалықтар