Стамбул қонақүй толтыру бойынша Еуропада бірінші орын алды

Афины Қонақүйлер қауымдастығы тамыз айының қонақүйді толтыру мәліметтерін жариялады.

1886788
Стамбул қонақүй толтыру бойынша Еуропада бірінші орын алды

Стамбул 3, 4 және 5 жұлдызы бар қонақүйді толтыру бойынша Еуропада бірінші орын алды.

Афины Қонақүйлер қауымдастығы жариялаған тамыз айындағы мәліметтерге қарағанда, Стамбул 72,7 пайыздық толтыру арқылы Еуропада бірінші орынға көтерілді.

Стамбулдан кейін 70,6 пайызбен Барселона (Испания) және 70,4 пайызбен Лондон (Ұлыбритания) келеді.

Сонымен қатар 2022 жылдың қаңтар-тамыз кезеңінде Стамбулға келген турист саны өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 109 пайызға артып, 4,8 миллионнан 10,1 миллионға жетті.

Қала жаңа типтегі коронавирус індеті алдында 2019 жылы 9,9 миллион турист қабылдаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар