Көшпенділер ойыны басталды

Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының ұйымдастыруымен IV Дүниежүзілік көшпенділер ойыныны ресми түрде ашылды.

1886792
Көшпенділер ойыны басталды
4. Dünya Göçebe Oyunları6.jpg
4. Dünya Göçebe Oyunları4.jpg
4. Dünya Göçebe Oyunları8.jpg
4. Dünya Göçebe Oyunları9.jpg
4. Dünya Göçebe Oyunları kortej.jpg

Изникте басталған көшпенділер ойынының ресми ашылу салтанаты президент Режеп Тайып Ердоғанның қатысуымен өтті.

Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының ұйымдастыруымен IV Дүниежүзілік көшпенділер ойыныны ресми түрде ашылды.

Президент Режеп Тайып Ердоған Бурсаның Изник ​​ауданындағы Изник ​​көлінің жағасында ұйымдастырылған ойындардың ашылу салтанатына қатысты.

Ердоғанмен қатар вице-президент Фуат Октай,  Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Солтүстік Кипр Түрік Республикасының президенті Ерсин Татар, Татарстан президенті Рүстем Минниханов, Қазақстан Республикасы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов, Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының президенті Билал Ердоған, ТР Жастар және спорт министрі Мехмет Мухаррем Касапоғлу және жоғары деңгейдегі лауазым иелері қатысты.

Кортеж шеруімен басталған салтанат Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының таныстыру фильмін тамашалаумен жалғасты. Содан кейін Тәңірі тауынан әкелінген суды түрік баласы президент Ердоғанға сыйға тартты. Ердоған суды Изник ​​көліне құюдың символы ретінде «Тай Қазанға» құйды.

Салтанатты шара ән және би қойылымдарымен жалғасын тапты. Хореография «Әлем, ғалам және күн», «Түріктер мен жылқы», «Көшпелілер ойындары», «Түрік әлемінің белгілі тұлғалары», «Түрік тарихы» және «Түрік әлемі» тақырыптарымен орындалды.

Кеште  ат үстінде өткен жалынға оранған шабандоздар үлкен алғыс пен қошеметке ие болды. Ат жарысындағы акробатикалық қимылдар да көрермендерді бір серпілтті.

Бурсада соңғы жылдары ұйымдастырылған ең үлкен халықаралық шаралардың бірі болған бағдарламада түрік әлемінің құндылықтары, фольклоры, киім-кешек, музыка және ойын мәдениеті кеңінен орын алды.

Дүниежүзілік Көшпенділер ойынының ашылу салтанаты отшашумен аяқталды.



Ұқсас жаңалықтар