"Байрактар"әуе көліктері Албанияда

Албания премьер-министрі Эди Рама Түркиядан алатын "Байрактар" ​​Қарулы Ұшқышсыз әуе көліктері жақында пайдалануға берілетінін айтты.

1886499
"Байрактар"әуе көліктері Албанияда

Албания премьер-министрі Эди Рама елінің Түркиядан сатып алуға келіскен "Байрактар" ​​Қарулы Ұшқышсыз әуе көліктері жақын арада пайдалануға берілетінін айтты.

Раманың қатысуымен Албанияның Азаматтық Қорғаныс ұлттық агенттігі мен «Satellogic USA Inc» компаниясы арасында қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы озық технологиялармен елді бақылауға арналған құны 6 миллион долларлық ғарышта қызмет көрсету келісімшартына қол қойылды.

Рама мұндағы сөзінде жасанды жер серігі арқылы көптеген салада не болып жатқанын бақылау мүмкіндігіне ие болатындарын және жер серігін ұшыру арқылы құқық қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес және мемлекетті нығайту сияқты мәселелерде жаңа бір дәуірге кіретіндерін айтты.

"Байрактар" ​​​​Қарулы Ұшқышсыз әуе көліктерін Түркиядан сатып алатындарына байланысты бұрынғы мәлімдемесіне сілтеме жасаған Рама бұл Қарулы Ұшқышсыз әуе көліктердің қысқа уақыт ішінде пайдалануға берілетінін атап көрсетті.

Рама: "Бұл жасанды жерсеріктерін жақын арада ұшқышсыз әуе көліктері бақылайды. Жаңа оқиғаларға сәйкес біз оларды аяқтап, қарулы ұшқышсыз әуе көліктерін сатып алуды шештік. Әрине қарулы ұшқышсыз  әуе көліктері терроризмге немесе ықтимал жауға қарсы төтенше жағдайларға арналған. Сонымен бірге бұл көліктердің жасанды серікпен үйлесімді бірқатар қосымша функциялары бар» деді.

Қорғаныс министрі Нико Пелеши келісім-шартта «Албания-1» және «Албания-2» деп аталатын екі жерсерікті ел аумағын бақылау, жасанды серікті пайдалану үшін техникалық және кәсіби мүмкіндіктерді дамыту, қызмет көрсету, географиялық ақпараттық жүйені өңдеу сияқты әртүрлі тақырыптарда 3 жыл бойы қолдануды қамдайтынын білдірді.

 

 



Ұқсас жаңалықтар