АҚШ-та қазан «Түрік мұрасы айы» деп жарияланды

Вашингтон қаласының мэрі Мюриэль Баузер қазан айын «Түрік мұрасы айы» деп жариялады.

1886028
АҚШ-та қазан «Түрік мұрасы айы» деп жарияланды

АҚШ-тың бас қаласы Вашингтонның мэрі Мюриэль Баузер қазан айын «Түрік мұрасы айы» деп жариялады.

Мюриэль Боузер қол қойған декларацияда 11 жыл бұрын қазан айының қайтадан «Түрік мұра жылы» деп жарияланғанын атап «Бұл мерзімде түрік және түрік емес американдықтар арасында бір көпір салынды» деді.

Түркия мен АҚШ-тың әрқашан мықты одақтас болғанын атап көрсеткен Баузер «Вашингтонда түрік текті америкалықтар білім, мәдениет, экономика және қоғамымыздың қаладағы дамуында маңызды рөл атқарды» деді.

Мэр Баузер бас қала Вашингтон мен айналасындағы штаттарда 20 мыңнан астам түрік текті американдықтың тұрып жатқанына, Анкара мен Вашингтонның «бауырлас қалалар» екеніне назар аударды.

Бас қала Вашингтон жыл сайын қазан айында «DC American-Turkish Association» (ATA-DC) ұйымдастыратын «Түрік фестивалін» өткізеді.

Биыл 20-шы рет ұйымдастырылатын «Түрік фестивалі» 16 қазан күні Пенсильвания даңғылында өтеді.



Ұқсас жаңалықтар