Оскарға фильм жолдамайды

Ресей Ұлттық кино академиясы Оскар сыйлығына фильм жібермеу туралы шешім қабылдағанын хабарлады.

1885523
Оскарға фильм жолдамайды

Ресей Ұлттық кино өнері және ғылым академиясы биылғы Оскар сыйлығына фильм жібермеу туралы шешім қабылдағанын хабарлады.

Академияның жазбаша мәлімдемесінде «Ресей кино академиясының президенттігі 2023 жылы «Оскар» сыйлығына отандық фильмдерді ұсынбауға шешім қабылдады» делінген.

Кинематография өнері және ғылым академиясы 95-ші «Оскар» сыйлығының марапаттау кешінің 2023 жылдың 12 наурызында өтетінін хабарлаған болатын.


Этикеттер: #фильм , #Оскар , #Ресей

Ұқсас жаңалықтар