Ғарыш кемесі жоспарлы түрде астероидқа соқты

Соқтығыстың бейне көріністері НАСА-ның ресми парақшасынан тікелей жарияланды.

1885070
Ғарыш кемесі жоспарлы түрде астероидқа соқты

Американың Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі ұлттық басқармасы (НАСА) ғарыш кемесі «DART» Жер шарынан шамамен 11 миллион шақырымдай қашықтықтағы астероидқа сәтті түрде соқты.

Әлеуетті астероид немесе кометалық қауіптерге қарсы қорғаныс технологиясын сынау мақсатты ғарышқа ұшырылған көлік Жер шары үшін қауіп төндірмейтін «Диморфос» атты астероидқа дәл уақытында соқтығысты.

Астероидқа бағыт беру сынағы үшін дайындалған «DART» ғарыш кемесі «Диморфосты» орбитасынан бұру үшін сағатына 23 мың шақырым жылдамдықпен итеріп жіберді.

Соқтығысу НАСА-ның ресми парақшасы және барлық әлеуметтік желілерде тікелей жарияланды.

Соқтығыс болашақта ықтимал қауіп төндіретін аспан объектілерін өлшеу және болдырмау үшін сынақ ретінде алғаш рет өткізілді.

Соқтығысу сәтін «Хаббл», «Уэбб» және «Люси» телескоптары, сондай-ақ ғарыш кемесіне орнатылған бейнекамера жазып алды.



Ұқсас жаңалықтар