Стамбулға 8 айда 10 миллионнан астам турист келді

Стамбул губернаторы Али Йерликая хабарлама жасады.

1884052
Стамбулға 8 айда 10 миллионнан астам турист келді

Стамбул 8 айда 10 миллионнан астам шетелдік туристті қабылдады.

Стамбул губернаторы Али Йерликая Твиттер аккаунтынан жасаған хабарламада Стамбул туризм статистикасы бойынша тамыз айында қалаға 1 миллион 665 мың 983 шетелдік турист келгенін атап көрсетті.

Биылғы жылдың 8 айында қалаға келген шетелдік турист санының 10 миллион 180 мың 789 болғанын атап көрсеткен Йерликая шетелдік туристер ең көп келетін 5 елдің Ресей, Германия, Иран, Сауд Арабиясы және Америка Құрама Штаттары екенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар