Қытай Айға «секіру» серігін ұшырады

Қытай үздіксіз ұшып-қонуды жүзеге асыруға арналған «секіру» барлау көлігін Ғарышқа жолдауды жоспарлауда.

1883265
Қытай Айға «секіру» серігін ұшырады

Қытай Айдың оңтүстік үйегінде барлау жұмыстарын жүргізуге бағытталған «Чан'и-7» серігін ғарыш міндеттін атқаруға, жер бетіне үздіксіз ұшып-қонуды жүзеге асыруға арналған «секіру» барлау көлігін жолдауды жоспарлаған.

"South China Morning Post" газетінің хабарына қарағанда барлау аппаратының қонуға және ай кратерлерінің мәңгі қараңғы жерлеріндегі өңірлерге барып-келуге қабілетті болуы жоспарланған.

Газеттің Қытай Ұлттық Ғарыш басқармасын негіз еткен хабарында осы түрдегі алғашқы көлік Ай бетіне қону және көтерілу арқылы жасайтын ұшуларымен доңғалақты жер үсті көліктеріне қарағанда әлдеқайда кең аумақты зерттей алатыны білдірілді.

Күн энергиясымен жұмыс істей алатын көлік кратерлердің Күннің сәулесі түсетін беткейлерінде зарядталғаннан кейін қараңғы жерлерге сүңгу арқылы топырақты зерттеуге арналған.



Ұқсас жаңалықтар