Стамбул әуежайы 1351 рейспен Еуропада бірінші

Стамбул әуежайы тәулігіне орташа есеппен 1351 рейспен Еуропадағы әуежайлар арасында бірінші орынды иеленді.

1879250
Стамбул әуежайы 1351 рейспен Еуропада бірінші

Стамбул әуежайы 5-11 қыркүйек аралығында тәулігіне орташа есеппен 1351 рейспен Еуропадағы әуежайлар арасында бірінші орынды иеленді.

Еуропалық аэронавигация қауіпсіздігі ұйымының (EUROCONTROL) ұшу рапортына сәйкес Стамбул әуежайы Еуропадағы ең көп жұмыс істейтін әуежайлар арасында бірінші орынды сақтап қалды.

Азаматтық авиация Бас басқармасының (SHGM) әлеуметтік желідегі аккаунтында жасалған мәлімдемеде «2022 жылдың 05-11 қыркүйегі аралығында Стамбул әуежайы күнделікті орташа 1351 рейспен Еуропадағы ең көп жұмыс істейтін әуежай болды.  Стамбул әуежайы 2019 жылғы деңгейден (+7 пайыз) жоғары өнімділігімен ең көп жұмыс істейтін 5 әуежайдың ішіндегі жалғыз әуежай болып қала береді» делінді.



Ұқсас жаңалықтар