«Түркияның мәдениет жолы фестивалі» басталады
Биыл Стамбул, Анкара, Диярбакыр, Чанаккале және Конияда өткізілетін фестивальдерге келесі жылы Измир мен Адана қосылады.

Түркияның халықаралық брендтік құндылығына үлес қосу мақсатында ұйымдастырылған «Түркияның мәдениет жолы фестивалі» 16 қыркүйек пен 23 қазан аралығында өтеді.
Мәдениет және туризм министрлігі тарапынан биыл Стамбул, Анкара, Диярбакыр, Чанаккале және Конияда өткізілетін фестивальдерге келесі жылы Измир мен Адана қосылады.
Қоғамның барлық мүшелерін мәдениет және өнермен жақындастыратын фестивальдерде операдан киноға, әдебиеттен биге, музыкадан цифрлық өнерге дейін әр адамның талғамы мен қызығушылығына сай көптеген іс-шаралар ұсынылады.
Фестивальдердің арқасында Түркия мәдениет пен өнердің брендіне айналады.
5 уәлаятта 15 мыңға жуық суретші және 3 мыңнан астам іс-шараның арқасында миллиондаған адам мәдени байлыққа қол жеткізу мүмкіндігіне ие болады.
Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой фестивальдерге шетелдік баспасөз органдарының қызығушылығының артқанын айтты.
Ерсой «Әлемде мұндай ауқымды инклюзивті фестиваль жоқ. Әрі жас аралығы, әрі іс-шаралар түрлілігі және өрісінің кеңдігі бойынша да сирек кездесетін фестиваль» деді.
Түркия алдағы жылдарда ұйымдастырылатын фестивальдеріне археологиялық құндылықтар мен гастрономиядағы ерекшеліктерін қосу арқылы бәсекелестерінен озуды жоспарлап отыр.