Татарстанда жаһандық жастар саммиті басталды

"ИЫҰ Жастар бас қаласы 2022 халықаралық бағдарламасы" аясында Қазан жаһандық жастар саммиті басталды.

1873343
Татарстанда жаһандық жастар саммиті басталды
kazan genclik zirvesi.jpg
kazan genclik zirvesi.jpg
kazan genclik zirvesi.jpg
kazan genclik zirvesi.jpg

Ресей Федерациясына қарасты Татарстан Республикасының бас қаласы Қазанда Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының (ИЫҰ) Жастар бас қаласы 2022 аясында халықаралық бағдарламасы Қазан жаһандық жастар саммиті басталды.

«Жастардың тең мүмкіндіктері», «Мәдениет аралық келіссөз» және «жастар көші-қоны» сынды тақырыптар талқыланған саммитке 20-дан астам елдің жастар министрлері мен министр орынбасарлары қатысты.

Түркиядан да Ислам ынтымақтастығы жастар форумының төрағасы Таха Айхан, Ислам тарихы, өнері және мәдениетін зерттеу орталығы бас директоры және профессор доктор Махмуд Эрол Кылыч, Дүниежүзілік этно-спорт конфедерациясының төрағасы Билал Ердоған қатысты.

Сонымен қатар, жастар саясатына қызығушылық танытатын халықаралық ұйымдардың өкілдері, зиялылар, жас кәсіпкерлер және ғылым әлемінің алдынғы қатарлы тұлғалары да бар 300 адам қатысты.

«Мәдениет аралық келіссөз және жастар үшін тең мүмкіндік» тақырып бойынша баяндама жасаған Ислам тарихы, өнері және мәдениеті зерттеу орталығы бас директоры, елші, профессор Қазанның әртүрлі діндер, мәдениеттер және тарихи маңызы бар екенін атап көрсеткен Кылыч «Ресей мұсылмандары Ресей Федерациясы мен ИЫҰ-ға мүше елдер арасында көпір ретінде маңызды рөл атқарады» деді.

Дүниежүзілік этно-спорт конфедерациясының төрағасы Билал Ердоған «Дүниежүзілік этно-спорт конфедерациясы ретінде дәстүрлі спорт түрлеріне көңіл бөлу маңызды деп есептейміз. Өйткені бұл спорт түрлері бізді тамырымызға жақындатады» деді.

Ислам ынтымақтастығы жастар форумының төрағасы Айхан болса Татарстан президенті Рүстем Миннихановқа Қазан жаһандық жастар саммитін өткізгені үшін алғыс айтып, ұйымның жаһандық күн тәртібіне жастардың белсенді және мағыналы қатысуы туралы сөйлесу үшін жастарды, саясаткерлерді және шешім қабылдаушыларды біріктіргеніне назар аударды.



Ұқсас жаңалықтар