Анкарада ғасырлық ескерткіш жазба табылды

Парсы империясының қол астында болған көне қалада табылған бұл ескерткіш жазбада парсыша ер адамның есімі де бар.

1865162
Анкарада ғасырлық ескерткіш жазба табылды
gordion yazıt.jpg

Фригиялардың астанасы Гордиондағы қазба орнында көне қаланың аты жазылған ескерткіш жазу табылды.

Анкараның Полатлы ауданында 1893 жылы басталған Берлин-Стамбул-Бағдат теміржол желісінің құрылысы кезінде ағайынды Альфред пен Густав Кортелер тапқан көне қалада 1900 жылы 3 айға созылған қазба жұмыстары жүргізілді.

Ағайынды Кортелер ежелгі Фригия қаласының астанасы Гордион екенін анықтағанымен, бүгінгі күнге дейін оны растайтын мәлімет табылмады.

Ұзақ үзілістен кейін 1950 жылы қайта басталған қазба жұмыстарын бүгін Мәдениет және туризм министрлігіне қарасты Мәдени мұра және мұражайлар бас дирекциясының рұқсатымен және қадағалауымен Пенсильвания университетінің мұражайынан профессор доктор С. Брайан Роуз басқаратын топ жүргізіп жатыр.

Биылғы жылы ежелгі қаланың "сыртқы қала" деп аталатын аймағынан фригия тас ескерткіш жазуы табылды.

Эллиндік дәуірде Антиох I (б.з.д. 281-261) билік еткен жылдарға жататын жазба ескерткіш Гордион есімі жазылған алғашқы және жалғыз ескерткіш жазба ерекшелігінде болып табылады.

Біздің ғасырымызға дейінгі 540-333 жылдар аралығында Парсы империясының қол астында болған көне қалада табылған бұл ескерткіш жазбада парсыша ер адамның есімі де бар.

Анадолы Өркениеттері мұражайы директорының орынбасары археолог Үміт Алагөз және филолог Ростислав Орешко жазу туралы егжей-тегжейлі зерттеуді баспаға дайындауда.



Ұқсас жаңалықтар