"TOGAN" Ұшқышсыз әуе көлігі тапсырылды

Исмайл Демир Twitter паарақшасында "TOGAN-ның" алғашқы тапсырылуы туралы ақпарат бөлісті.

1864733
"TOGAN" Ұшқышсыз әуе көлігі тапсырылды

Президенттік сарай Қорғаныс өнеркәсібі басқармасының төрағасы Исмайл Демир ұлттық барлаушы Ұшқышсыз әуе көлігі "İHA TOGAN-ның" алғашқы нұсқасы қауіпсіздік күштеріне тапсырылғанын айтты.

Демир Twitter паарақшасында "TOGAN-ның" алғашқы тапсырылуы туралы ақпарат бөлісті.

Қауіпсіздік күштерінің қызметіне ұлттық инженерлік шешімдерді ұсынуды жалғастырғандарын атап көрсеткен Демир: «Біз барлау, бақылау және хабар алу мақсаттары үшін әзірлеген айналмалы қанатты ұлттық бақылаушы "TOGAN" атты  Ұшқышсыз әуе көлігін алғаш рет рет тапсырдық. Қайырлы болсын!» деді. 

Қорғаныс технологиялары инженерлік және с ауда компаниясы иарапынан дайындалған "TOGAN" тактикалық деңгейдегі барлау, бақылау және хабар алу миссияларында қолдануға арналған. Онда ұшуды басқарудың түпнұсқа жүйесі және миссияны жоспарлау бағдарламасы бар. Әуедегі миссияларды автономды түрде өзгертетін және тасымалдай алатын "TOGAN" операторларға үздіксіз және ұзақ мерзімді бақылау мүмкіндігін береді.

Бір "TOGAN" платформасы 10 километр қашықтықта 45 минут жұмыс істей алады.

TOGAN-ды операция саласында бір сарбаз оңай алып жүре алады.



Ұқсас жаңалықтар