О.Корея Айға серік ұшырды

Кореяның Аэроғарыштық зерттеу институты жасаған Айды барлау аппараты үшін 180 миллион доллар жұмсалғаны белгілі.

1864131
О.Корея Айға серік ұшырды

Оңтүстік Корея ғарышқа бірінші "КПЛО" Айды барлау аппаратын ұшырды.

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) SpaceX ғарыш компаниясының Флорида штатындағы Канаверал мүйісінен Ғарыш күштерінің базасынан "Falcon 9" зымыранымен ұшырған Айды барлау аппараты Оңтүстік Кореяның Ай миссиясында басылған алғашқы қадамы болды.

Кореяның Аэроғарыштық зерттеу институты жасаған Айды барлау аппараты үшін 180 миллион доллар жұмсалғаны белгілі.

Айды барлау аппараты «Данури» деп те аталады, бұл корей тілінен аударғанда «Айдың рахатын көру» деген мағынаны білдіреді.

Ғарыштық жарысқа қатысқан Оңтүстік Корея соңғы жылдары бұл салаға инвестиция салуды жеделдетіп, бірінші талпынысы сәтсіз болған соң 21 маусымда отандық өндірісі «Нури» зымыран тасығышын екінші рет ғарышқа жіберді.



Ұқсас жаңалықтар