Еуропа Университет ойындарында Түркия рекорд жаңартты
Түркия 47 медаль жеңіп алды.

Польшаның Лодзь қаласында өткен Еуропалық Универсиада ойындарында түріктің жас спортшылары 22 алтын, 19 күміс және 6 қола медальді қосқанда барлығы 47 медаль жеңіп алып, рекорд жаңартты.
Еуропа университеттік спорт қауымдастығы (EUSA) ұйымдастырған Еуропалық университеттік ойындарда Йедитепе университеті бірінші орын алды.
Барлығы 228 университет қатысқан Еуропа университеттік ойындарында 15 түрлі салада жарысқан Түркия 22 алтын, 19 күміс және 6 қола медальді қосқанда барлығы 47 медаль жеңіп алды.
Университеттер рейтингі:
1- Йедитепе университеті
2- Лион университеті
3- Лодзь технологиялық университеті
Ел рейтингі:
1- Польша
2- Түркия
3- Украина
Ұқсас жаңалықтар

Дзюдодан алтын медаль
57 келіде финалда жапондық қарсыласын жеңіп, Өзлем Йылдыз алтын медальға қол жеткізді.