Делла Майлс Түркияда лаванда жинады

Елбистан фестивалінде концерт берген Делла Майлс лаванда алқабында қала әкімі Мехмет Гүрбүзбен бірге лаванда жинауға қатысты.

1862607
Делла Майлс Түркияда лаванда жинады
della miles elbistan lavanta.jpg
della miles elbistan lavanta1.jpg
della miles elbistan lavanta2.jpg

Америкалық әнші Делла Майлс Кахраманмараштың Елбистан қаласында лаванда жинауға қатысты.

Ашык Махзуни Шерифті еске алу мақсатында ұйымдастырылған Елбистан фестивалінде концерт беру үшін қалаға келген Делла Майлс ауданда құрылған лаванда алқабында қала әкімі Мехмет Гүрбүзбен бірге лаванда жинауға қатысты.

Шарада Гүрбузбен бірге ән шырқаған Майлс лауазымдылардан лаванда алқабы туралы  ақпарат алды.

Қала әкімі Мехмет Гүрбүз мәлімдемесінде Америкалық әншіні Елбистанда қонақ еткеніне қуанышты екенін және тамаша бір фестиваль өткізгендерін білдірді.

Алқапта өсірілген лаванданың болашақта қала экономикасына елеулі үлес қосатынын айтқан Гүрбүз: "Делла Майлс фестиваль кезінде ең көп қызықтырған әншілердің бірі болды, оның сахнасы керемет өтті. Ол әлемге әйгілі жұлдыз. Фестивальден кейін бір күнді бізбен бірге өткізіп, мәдени құндылықтарымызға қамқорлық жасағаны үшін алғысымды білдіремін. Елбистанда өнеркәсіптік өнім шығаруды мақсат етіп отырмыз. Мен Делла Майлзға лаванда науқанында бізбен бірге болғаны үшін алғыс айтқым келеді» деп көрсетті.

Майлс сонымен қатар Елбистанда болғанына қуанышты екенін айтып, лавандадан жасалған косметика қолданатынын және лаванданы қатты жақсы көретінін атап өтті.



Ұқсас жаңалықтар