Әуе шарлары фестивалі басталды

Шара аясында Гөремедегі фестиваль аймағы әуе шарлары керемет көрініске сахна болды.

1857883
Әуе шарлары фестивалі басталды

Невшехирдің Каппадокия қаласында өткен «3-ші Халықаралық ыстық әуе шарлары фестивалі» (BALONFEST 2022) әртүрлі елдерден келген шарлардың қатысуымен басталды.

Шара аясында Гөремедегі фестиваль аймағы әуе шарлары керемет көрініске сахна болды.

Фестивальге Түркиядан бөлек Англия, Бельгия, Нидерланды, Люксембург, Швейцария, Германия, Чехия, Бразилия, Испания, Солтүстік Македония және Словениядан келген әуе шар ұшқыштары аспанға көтеріліп, пері мұржалары мен табиғи жартас түзілімдерімен көмкерілген алқаптардың үстінен ұшып өтті. .

Биыл үшінші рет өткізіліп отырған фестиваль 24 шілдеге дейін таңғы ұшу рәсімдері және кешкі концерттік бағдарламалармен жалғасады.



Ұқсас жаңалықтар