Стамбул әуежайы Еуропадағы ең көп жұмыс істейтін әуежай атанды

Стамбул әуежайы күніне орташа есеппен 1333 рейспен Еуропадағы ең көп жұмыс істейтін әуежай атанды.

1857532
Стамбул әуежайы  Еуропадағы ең көп жұмыс істейтін әуежай атанды

«EUROCONTROL» компаниясының 13-19 шілдедегі кең көлемді бағалау рапорты бойынша Стамбул әуежайы Париж Шарль де Голль мен Амстердам Схипхол әуежайларын басып озып, Еуропадағы ең көп жұмыс істейтін әуежайға айналды.

Анталия әуежайы болса күніне орта есеппен 937 рейспен 7-ші орында.

Осы рейс сандарымен Стамбул әуежайы әлемдегі ең көп жұмыс істейтін 8-ші әуежай болды, ал Анталия әуежайы ең жұмыс істейтін 40 әуежайдың қатарында орын алды.

Рапортқа қарағанда Түркия күніне орта есеппен 3526 рейспен Еуропадағы рейстер саны ең көп елдер арасында 6-шы орынға ие болды.



Ұқсас жаңалықтар