Бозжаада Еуропа екіншісі болды

Чанаккаленің туризм жұмағы Бозжаада «Еуропаның ең сиқырлы 10 аралы» арасында 2-ші орынды иеледі.

1855174
Бозжаада Еуропа екіншісі болды
bozcaada.jpg
the guardian bozcaada.jpg
bozcaada1.jpg

Чанаккаленің туризм жұмағы Бозжаада «Еуропаның ең сиқырлы 10 аралы» арасында 2-ші орынға ие болды.

Соңғы жылдары әлемнің ең жақсы аралдары арасында жиі көрсетілген Бозжаада бұл жолы ағылшын газеті "The Guardian-ның" тақырыбына айналды.

Ұсынылған 10 аралдың жанға жайлы жағажайларына, тыныш және бұзылмаған табиғатына назар аударылды.

Түрік және грек мұраларына бай арал екені хабарланған Бозжаада жаз мезгілінде стамбулдықтар көбірек таңдайтын мекеннің бірі болды.

Бозжааданың Троя соғысындағы орнына да тоқталған хабарда мешіт пен православие шіркеуінің бір-бірімен үйлесім тапқанына баса назар аударылып, оның порт қаласы екені де таныстырылды.

Газеттің хабарында таверналар мен жүзім өндірісіне де орын берілді.

Бозжааданы соңғы жылдары "New York Times", "Business Insider", "New York Times Magazin" журналы және америкалық "Forbes" журналы да таныстырды.



Ұқсас жаңалықтар